Енді санаулы күндерден соң алтын күз басталып, білім ұялары есіктерін айқара ашатын болады. Жамбыл облысындағы барлығы 449 мектеп дәл қазір 197 мыңнан астам оқушыны қабылдауға сақадай-сай әзір. Ағымдағы жылы 26071 бүлдіршін бірінші сыныптың табалдырығын аттамақ. Әлеуметтік әлеуеті әрқилы деңгейдегі отбасыларынан шыққан балалардың мектепке бірдей дайындықпен келуін қамтамасыз ету үшін тамыз айының басынан бастап, облыс қалалары мен елді мекендерінде республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған және көп балалы отбасыларына жергілікті бюджет және демеушілер есебінен қолдау көрсетіліп келеді.
Облыстың білім саласына қатысты білім мекемелерінің ғимараттарын жаңарту, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын өткізу, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту сияқты кешенді мәселелердің шешімін табу ісі ұдайы басты назарға алынуда. Соның бір нақты айғағы ретінде, бүгінгі таңда, өңірде жобалық-сметалық құны 7,4 миллиард теңгені құрайтын 24 білім нысанының құрылысы жүргізіліп жатқанын айтсақ та жеткілікті. Соның ішінде бір мектептің құрылысы жуырда аяқталып, пайдалануға берілген. 1 қыркүйекте сегіз мектептің оқушыларды қабылдауға толық мүмкіндігі болады деп күтілуде. Ал бес балабақшаның ғимараты жыл аяғына дейін құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Қалған 10 білім ұясының құрылысын 2016 жылы аяқтау межеленуде. Сол сияқты, биыл он мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін 532,7 миллион теңге, ал 169 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 391372 мың теңге қаржы бөлініп, толық игерілді. Сондай-ақ, облыс мектептеріне жалпы сомасы 81,1 миллион теңге тұратын 4 физика, 7 биология, 2 химия, 10 лингафондық және мультимедиалық кабинеттері сатып алынған.
Елбасының білім саласы мекемелерінің алдына қойып отырған басты міндеттердің бірі – оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі. Оның шешімін табу үшін биылғы оқу жылы қарсаңында өткізіліп жатқан республикалық «Мектепке – оқулықпен» акциясы шеңберінде оқушыларды 100 пайыз оқулықтармен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 918 683 мың теңге қаржы бөлінген.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.
• 20 Тамыз, 2015
«Мектепке жол» акциясы: Жамбыл облысында 26 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

Отандық туризмге тартылған инвестиция 32 пайызға артты
Туризм • Бүгін, 18:02
Еліміздің маркетплейстері неге шетелдік алпауыттардан көп салық төлейді?
Бизнес • Бүгін, 17:51
Сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны рас па?
Медицина • Бүгін, 17:34
«Странджа кубогі»: Бүгін 19 боксшымыз күш сынасады
Спорт • Бүгін, 17:30
Елордада алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 17:25
Атырауда цифрландыру және архивтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:14
Түркістан облысында су қоймаларының толу деңгейі 71 пайызға жетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
Үздік IT-мамандар жүлде қоры 3 млн теңгелік чемпионатта бақ сынайды
Оқиға • Бүгін, 16:50
Атырауда бір жылда 92,5 мың балаға тегін стоматологиялық көмек берілді
Медицина • Бүгін, 16:40
Сербия Президенті Астанаға ресми сапармен келді
Саясат • Бүгін, 16:30
Шығыста экспорттық жүк тасымалы артты
Экспорт • Бүгін, 16:25
БЖЗҚ активтерінің тиімділігі: Жинақталған кіріс 14 трлн теңгеге жуықтады
Қоғам • Бүгін, 16:20
Әмірліктер неге биткоин монеталарын сатпай, сақтап отыр?
Қаржы • Бүгін, 16:11
Қазақ сарбазы халықаралық байқауда жеңіске жетті
Өшпес даңқ • Бүгін, 16:08